793

10-сәуір күні «Жалпы білімдік пәндер» бірлестігінің ұйымдастыруымен  «Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде»  тақырыбындағы  апталықтың  ашылуы өтті.

  

«Жалпы білімдік пәндер» бірлестігінің  оқытушылары Беген Дәулетбек пен Бегалиев Ерболдың   ұйымдастыруымен «Әлем сенімен әдемі» тақырыбында дрон ұшырудың әдіс-тәсілдерін үйрету  және  студенттердің  қызығушылығын арттыру мақсатында, іс шараға арнайы қонақ ретінде  «Flyorda» дрон ұшырып үйрету  орталығының   директоры   Кенжеев Ержан Сұлтанбекұлы   шақырылды. Өзінің  дрон ұшыру  әдіс –тәсілдерін үйрету мақсатында колледж студенттеріне    тренинг өткізілді. 

794

Сонымен қатар  арнайы пән оқытушылары Скакова Нургул, Аманжолова Зарина мен  Қадір Қолқанаттың  ұйымдастыруымен «МИФ –жаратылыстану таңғажайыптары» тақырыбы  бойынша математика, информатика, физика пәндерінен интеллектуалды сайыс  өткізілді.   Нәтижесінде І дәрежелі дипломмен   ВТ-22о «Көшбасшылар» тобы, ІІ дәрежелі дипломмен ГСХ-22о «Бірлік» тобы, ІІІ дәрежелі дипломмен В-22о  «Алғырлар»  оқу топтары  қатысып  дипломдармен марапатталды.

795 785

 

Осы күні   бірлестік оқытушылары Жұмабаева Айдана  мен Қадір Қолқанаттың  ұйымдастыруымен Ұлттық құңдылығымызды  дәріптеу  мақсатында   колледжішілік  «Бұрымымен көріктімен» атты  тақырыбында онлайн форматтағы сайыс   өткізілді. Сайысқа ЭС-20о, ГСХ -22о, НО -21о,      В-22о, НО -22о , НО -20о  оқу топтарының студенттері қатысты.

 

         Нәтижесінде І дәрежелі дипломмен В-22о оқу тобының студенті  Берікқызы Бірғаным жеңіске жетті. ІІ дәрежелі дипломмен НО-22о оқу тобының  студенті Бекболатова Жұлдызай  иеленді. ІІІ дәрежелі дипломмен ЭС -20о оқу тобының студенті Дайрабаева Дильназ жеңіске жетті. Тағы айта кететін болсақ бұл байқауды ұйымдастырудағы   мақсатымыз кәсіби бағдар беру жұмысының  алдындағы  инстаграм парақшасын дамыту керек болатын. Статистика бойынша сайыс болған 3 күнде  700 инстаграм желісін пайдаланушылар келіп қосылды. 300 ден астам пікір, 400 дей лайк жиналғанына көзіміз жетті. Жеңімпаздар    дипломдармен марапатталды. 

797 798 799

 

11-сәуір күні  «Жалпы білімдік пәндер» бірлестігінің арнайы пән оқытушылары  Жәнібек Нұрдос пен Амантаев Әділеттің ұйымдастыруымен қалалық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Қазақтың ұлттық ойыны – қол күресі»  атты  спорт түрінен жарыс өткізілді.  Қалалық  жарысқа 13 колледж қатысып нәтижесінде 

        І дәрежелі   дипломмен  «Болашақ» университетінің жоғары колледжі

        ІІ дәрежелі дипломмен  Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі

 

        ІІІ дәрежелі дипломмен С.Ықсанов  атындағы   политехникалық  колледжінің студенттері жеңіске жетіп  диплом, алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

800801 802

11 сәуір  күні   «Жалпы білімдік пәндер» бірлестігінің  оқытушысы Тайжанов Сәбит  «Баскетбол ойыны.Ойын техникасы» атты тақырыбында  ЭС -22 оМ оқу тобына  ашық сабақ ұйымдастырды.  Жаңа сабақты түсіндіру барысында   баскетбол ойынның  ережесімен  таныстырып  практикалық  түрде   өтті. Ашық сабақты талқылау  барысында «жақсы» деген бағамен бағаланды.

803

12-сәуір күні Математика пәнінің  оқытушысы  Ысқақова Роза, ЗТ -22о оқу тобына  «Призма, оның  элементтері. Призманың түрлері»  атты   тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылардан үй тапсырмасын Word WeII  сайты арқылы  сұралып, үй тапсырмалары бойынша   жасырылған сұрақтар қойылды. Жаңа сабақ түсіндіру барысында   жаңа  әдіс-тәсілдерді  қолданылып, бекіту кезінде ойын түріндегі түрлі деңгейде сұрақтар қойылды. Оқушылар белсенді қатысты.Ашық сабақты талдау барысында «өте жақсы» деген бағамен бағаланды.

804

12 сәуір күні. «Ғылым және табиғат» атты тақырыбында облыстық оқу орталығымен (әдістемелік кабинет) бірлесе отырып техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1 – курс студенттері мен және қалалық 9 сынып мектеп оқушылары арасында химия, биология, география пәндерінен олимпиада өткізілді. Нәтижесінде колледж бойынша

Химия пәнінен І дәрежелі дипломмен «ORDA» жоғары колледжі, ІІ дәрежелі дипломмен «М.Мәметов атындағы педагогикалық жоғары колледжі», ІІІ дәрежелі дипломмен С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің студенттері дипломмен марапатталды.

Биология пәні бойынша І дәрежелі дипломмен Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжі, ІІ дәрежелі дипломмен «Абылай хан» атындағы жоғары колледжі, ІІІ дәрежелі дипломмен Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық –техникалық жоғары колледжінің студенттері дипломмен марапатталды.

География пәні бойынша І дәрежелі дипломмен М.Мәметов атындағы педагогикалық жоғары колледжі, ІІ дәрежелі дипломмен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі, ІІІ дәрежелі дипломмен «Абылай хан» атындағы жоғары колледжінің студенттері дипломмен марапатталды.

Кәсіби бағдар беру мақсатында қалалық мектеп оқушылары арасында биология, химия, география пәндерінен олимпиада өтті.

Қорыта келгенде І дәрежелі дипломмен және колледж директорының білім грантының иегері І. Қабылов атындағы №12 ІТ мектеп - лицейінің 9 сынып оқушысы Есенгелді Аружан жеңіп алды.

ІІ дәрежелі дипломмен Ілияс Қабылов атындағы №12 ІТ мектеп - лицейінің 9 сынып оқушысы Сардар Нұртілеу иеленді.

ІІІ дәрежелі дипломмен М.Шоқай атындағы №187 ІТ мектеп –лицейінің 9 сынып оқушысы Жақсыбай Саян марапатталды.

805 806

12 сәуір күні. Бірлестік оқытушылары Жұмабаева Айдана мен Аманжолова Заринаның ұйымдастыруымен  колледжішілік оқу топтары арасында «Бірлігіміз  жарасқан»  атты ұлттар  арасында сайыс өтті.

      Нәтижесінде  І дәрежелі дипломмен НО -22о  «Қазақ» тобы иеленді, Жетекшісі Ербозым Орынбасар. ІІ дәрежелі дипломмен В-22 «Цыган» тобы иеленді, Жетекшісі Алтынбай Закира. ІІІ дәрежелі дипломен  ВТ -22о  «Қытай» тобы иеленді, Жетекшісі Камарова Перизат. Қатысушыларға  дипломмен  және  сыйлықтармен  марапатталды. 

807 808

 

13-сәуір күні  «Спорт –біздің өміріміз» атты тақырыбында                      «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының  арнайы пән оқытушылары Тайжанов Сәбит, Сазанбай Нұртуған, Әбілқасымов Бақытжанның  ұйымдастыруымен  техникалық және кәсіптік  білім беру ұйымдарының   студенттер арасында  қалалық волейбол  спорт түрінен жарыс өткізілді. Қалалық жарысқа   11  колледж қатысты.

  1. М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледж
  2. И.Әбдікәрімов атындағы аграрлы –техникалық жоғары колледжі
  3. Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі
  4. С.Ысқақов  атындағы құрылыс және бизнес  колледжі
  5. М.Ықсанов атындағы  политехникалық колледжі
  6. Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі
  7.  «Болашақ» университетінің жоғары колледжі
  8. «Болашақ» медицина колледжі
  9. Қызылорда медициналық  жоғары колледжі
  10. «Өркениет» медицина колледжі
  11. «Текей батыр Қарпықұлы» атындағы  жоғары колледждері қатысты.

І дәрежелі дипломмен М.Мәметов атындағы педагогикалық жоғары колледжі

ІІ дәрежелі дипломмен «Болашақ» университетінің  жоғары колледжі                 

ІІІ дәрежелі дипломмен  Қызылорда жоғары көпсалалы колледждері жеңіс тұғырынан  көрінді. Қатысушыларға  диплом, алғыс хаттармен және   ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 

809 810

Осы күні  Физика пәнінің  оқытушысы Аманбаева Мадина  ЗТ -22о оқу тобына «Электромагниттік  толқындардың   шығуы және қолданысы» атты ашық  сабақ өткізді, үй тапсырмасы бойынша   жасырылған сұрақтар қойылды. Жаңа сабақ түсіндіру барысында   жаңа  әдіс-тәсілдерді  қолданылып, бекіту кезінде ойын түріндегі түрлі деңгейде сұрақтар қойылды.Ашық сабақты талдау барысында «өте жақсы» деген бағамен бағаланды.

811

13 сәуір күні.  Бірлестіктің ұйымдастыруымен «Жалпы білім беретін пәндерде оқыту сапасын арттыру үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында  тренинг өткізілді. Арнайы  Назарбаев интеллектуалды мектебінен Мухамедкалиқызы  Айгүл   эксперт маманы келіп колледж оқытушыларымен бірге сабақта жаңа инновациялық технологияларды пайдалану әдіс –тәсілдерді  тиімді  қолдану аясында студенттердің қызығушылын  арттыру мақсатында  өз тәжірибесімен бөлісті. 

812 813

14 сәуір күні.  15 сәуір Ұлттық  ғашықтар күніне орай «Екі жұлдыз» тақырыбындағы    оқытушылармен   студенттер арасындағы жұптық байқау болды. Нәтижесінде  І дәрежелі дипломмен  «Кәсіби-техникалық пәндер» бірлестігі жеңіске жетті. ІІ дәрежелі   дипломмен «Гуманитарлық –экономикалық пәндер» бірлестігі иеленді. ІІІ дәрежелі дипломмен «Жалпы білімдік  пәндер» бірлестігі иелененіп   дипломмен  және сыйлықтармен  марапатталды

814 815

Осы күні «Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде» тақырыбындағы апталықтың  жабылуы өтіп. Апталық аясында өткен іс –шараларға  қатысқан студенттер дипломдармен марапатталды. 

 

Бірлестік жетекшісі                        Скакова  Нургул Демесінқызы